ҚР СІМ: Абай облысындағы өртті сөндіруге екі мемлекет көмектесуге дайын екенін білдірді

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Өзбекстан мен Түркия Қазақстанға Абай облысындағы ірі орман өртін сөндіруге көмектесуге дайын екенін білдірді. Бұл жөнінде 2023 жылғы 13 маусымда өткен брифингте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ресми түрде ешқандай көмек ұсынылмағанын, бірақ Түркия мен Өзбекстан басшылары телефон арқылы көмектесуге дайын екендігін жеткізгенін айтты.
"Президент, біздің министр Түркия мен Өзбекстаннан келген әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті. Егер апат үлкен болса, мемлекет оның зардабын жоя алмаса, басқа елден көмек сұрауға мәжбүр болады. Әзірге біз ондай көмек сұрап отырған жоқпыз". Айбек Смадияров
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов үкімет кулуарында Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.
Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі