Энергетика министрлігі: АЭС бойынша референдум болмайды

Сурет: pixabay
15 маусымда Сенат кулуарында ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов АЭС салу мәселесі референдумға шығарылмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атом электр станцияларын салуға қатысты референдум болмайды.
"Бұл мәселе референдумға шығарылмайды. Мәселе орналасатын жерінде болып тұр. Бұл – бірінші мәселе. Екінші мәселе, ең маңыздысы – технология және қаржылық-экономикалық модель, ол қалай ықпал етеді?". Жандос Нұрмағанбетов

Оның айтуынша, барлық компания серіктес болуға ұмтылуда. Жақында кореялық компания өкілдерімен келіссөздер жүргізілді, сондай-ақ Қазақстан Қытайдан ұсыныс күтіп отыр. Станцияның орналасатын жеріне келетін болсақ, әзірге нақты шешім жоқ.

"Өкінішке қарай, біз әлі шешкен жоқпыз. Қазір заңнамаға сәйкес, Алматы облысының мәслихатында қоғамдық тыңдаулар өткізу мәселесі тұр. Бәлкім, біз кей мәселені пысықтап жатқан жоқпыз. Қалай болғанда да, қазір бізге жаңа министр келді, қазір осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Мәселе көп, сонымен жұмыс істеп жатырмыз".Жандос Нұрмағанбетов

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом станцияларына қойылатын заманауи талаптар оларды барынша қауіпсіз ететініне сендірді. Министрдің сөзінше, олар тіпті кең фюзеляжды ұшақ құласа да, төтеп бере алады.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды