Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: pixabay
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жаңбыр, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодарда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі. Өскеменде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.