Павлодарда мекеме ішінде шылым шеккен департамент басшысы ескерту алды

Сурет: unsplash
Павлодарда әдеп жөніндегі кеңес отырысында мемлекеттік мекеменің ішінде темекі шеккен басшыға қатысты мәселе қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

30 мамырда Telegram-дағы каналдың бірінде Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Әлібаев мемлекеттік мекемеде темекі шеккені түсірілген видео тарады.  

"Ол күні отбасымда бір мәселе шығып қалған еді. Мекеме ішінде келеңсіз әрекет жасағанымды толық мойындаймын. Сондай-ақ тағайындалған жазаны өтедім, яғни, айыппұл төледім. Бұл жағдай енді қайталанбайды", - деді Айбек Әлібаев.

Кеңеске қатысқандар отырыс кезінде жұмысты отбасындағы жағдаймен араластыруға болмайтынын айтып, ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысына Айбек Әлібаевқа ескерту берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды