Шымкентте қоғамдық автобустан өрт шықты

Сурет: otyrar.kz
Шымкентте жолаушыларды тасымалдайтын №150 бағыттағы қоғамдық көліктен өрт шықты. Оқиға кеше, 15 маусымда сағат 20:00 шамасында Тәуке хан даңғылының бойында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, өрт автобустың тежегішінен шыққан. Жұмыс күні аяқталып, автобус паркіне бара жатқан автобус жол бойында түтеп, өртене бастаған. Жолдан өтіп бара жатқан өзге қоғамдық көлік жүргізушілері өрт сөндіргіш құралын алып, жаппай көмектескен. Осылайша, дер кезінде жалынды ауыздықтаған.

"Егер өзге автобустар болмағанда өртті сөндіру қиын болатын еді. Өйткені бір өрт сөндіргішпен сөндіру қиын. Бәрі жабылып жүріп әрең тоқтатты", - дейді ақпаратты otyrar.kz редакциясына жеткізген оқиға куәгері.

Оқиға орнына кейін өрт сөндірушілер жетіп, жалынды толық сөндірген. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды