Алматы облысында жеңіл рельсті транспорт жүйесі салынады

Сурет: Zakon.kz
Түрік компаниясының өкілдері Алматы облысында ұзындығы 150 шақырым болатын жеңіл рельсті транспорт жүйесін салуды жоспарлап отыр. Әкімдік тиісті меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, түріктің "Ташяпы" компаниясы шілдеде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кіріседі.

"Ташяпы" компаниясы Қаскелең – Есік – Талғар – Алматы – Ұзынағаш бағыттары бойынша жеңіл рельсті тарнспорт жүйесін дамытуды жоспарлап отыр. Халық тығыз қоныстанған Талғар және Қаскелең қалаларында ЖРТ жанында арнайы тұрақ болады. Тұрғындар көліктерін сол тұраққа қойып, ары қарай ЖРТ-мен Алматыға қатынайды".Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкімдік өкілдерінің сөзінше, бұл өз кезегінде қала мен оның маңындағы аудандарда кептелісті азайтады. Облыстың 300 мың адамы күніне Алматыға кіріп шығатынын ескерсек, қалаға жүктеме азаятыны сөзсіз.

ЖРТ ұзындығы 80 шақырым болмақ. Алматы мен Қонаев арасындағы жолды қосқанда 150 шақырымды құрамақ. Ал құрылыстың 1 кезеңі Талғар – Алматы арасында ЖРТ салудан басталады. Қонаев – Алматы жобасы 2-кезекте қаралады.


Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр