Мәжіліс депутаты: Сүйінші! Президент үш ауданды қалпына келтіру туралы шешімін жариялады

Сурет: Facebook/Жанарбек Әшімжан
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтай мінбесінде Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы саяси шешім қабылдағанын ресми мәлімдеді". Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Facebook-тегі парақшасында осылай деп жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Елдің үнін ел Президентіне, Үкіметке жеткізу жолында соңғы үш жылда бастамашы топ құрып, қайрат-жігерін жұмсаған әріптесім Ерлан Сайыров екенін ерекше атап өткім келеді. Құтты болсын!", делінген саясаткер жазбасында.

Айта кетсек, Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылғанын, бұл шешім аймақтардың дамуына тың серпін бергенін баса атап өтті.

"Amanat партиясы бірқатар шекаралас ауданды қалпына келтіру туралы бастама көтергенін білесіздер. Үкімет менің тапсырмаммен бұл мәселені пысықтады. Мен соған сәйкес Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы негізгі шешімді қабылдадым. Әрине, бұған арнайы дайындық керек. Қажетті есеп-қисабын жасап, қаражатымызға, бюджеттің мүмкіндігіне қарауымыз керек. Тиісті жұмыстың бәрін биыл аяқтап, алдағы екі жылдың ішінде осы үш ауданды қалпына келтіре бастаймыз. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан қарасақ та, өте маңызды мәселе. Осы мәселені көпке созбай, шешуіміз қажет", - деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды