Астанадағы Kaspi bank бөлімшесіндегі жағдай: оқиғаның мән-жайы

Сурет: Ербол Казистаев
18 маусымда қаруы бар ер адам Kaspi bank бөлімшесінде тұрғындарды кепілге алған. Оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, ер адам шамамен 30 жаста. Оның тапаншасы бар. Ол Kaspi-дің барлық активін мүгедек балаларға, кедейлер мен мұқтаждарға арналған қорға аударуды талап етіп отыр.

Ер адам талабын орындауға 3 сағат уақыт беріп, кепілге алынғандарды "өлтіремін" деп қорқытқан. Кепілге алынғандардың арасында 7 қыз бен бір күзетші бар екені айтылды.


Астана полиция департаменті бұл ақпаратты әлі расталған жоқ. 

Сонымен бірге банк ғимараты орналасқан үйдің тұрғындары эвакуацияланғаны хабарланды, бұған қоса, оқиға орнына арнайы жасақ жеткен.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды