Жеңілдетілген автокөлік несиесі: ақша қоғамдық көліктер сатып алуға жұмсалуы мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Маусымның 20-сы күні Ақордада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесие бойынша жиналған қаражат қоғамдық көліктерді несиелендіруге бағытталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр жаңартпалы қаражаты жинақталғанын айтты.

"Жеңілдетілген автонесиеден түскен қаражатты қоғамдық көліктерді несиелендіруге қайта бағыттау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Біз бірқатар облыста болдық, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері автопарктерді несиелендіру мәселесін көтеріп жатыр. Қостанайда қоғамдық көліктердің 90 пайызы, Талдықорған мен Оралда 70 пайызы тозған. Алда қолда бар қаржыны барынша тиімді пайдалану міндеті тұр". Марат Қарабаев

Ол күн сайын 9,3 миллион қазақстандық қоғамдық көлікпен жүретінін атап өтті.

"Біз үшін бастысы – олардың қажеттілігін қанағаттандыру. Қаражат қоғамдық көлікті қаржыландыруға жұмсалады". Марат Қарабаев

Жақында жеңілдетілген автонесие бағдарламасына өзгерістер енгізілетіні хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді