Ақтөбе облысында кәріз бекетіндегі жарылыстан жарақат алған әйел қайтыс болды

Сурет: pixabay
Ақтөбе облысында кәріз сорғызу бекетіндегі жарылыстан жарақат алған әйел көз жұмды. 48 жастағы жұмысшыны алып алып қалу мүмкін болмаған, өйткені денесінің 95%-ы күйіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға алдыңғы жұмада Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылында болған. Кешкі кезекшілікті қабылдап алған жұмысшы сорғы бекетінің есігін ашып шырпы тұтатқанда жарылған.

КТК телеарнасының хабарлауынша, марқұмның жақындары кәріз сорғы бекетінде жұмысшыларға ешқандай жағдай жасалмаған деп отыр. Арнайы киім де, қауіпсіздік үшін жабдықтар да жоқ көрінеді. 

Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.  

"15 маусымда жеткізді. Жағдайы өте ауыр болды. Денесінің 95 пайызы күйген. Бірден жансақтау бөліміне жатқыздық. Бірақ жарақаты ауыр болуына байланысты төрт күннен кейін есін жинай алмай, 19 маусымда қайтыс болды".Травматолог дәрігер Нұрлан Әбішев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін