Елімізде 2 ақпан "Ұлттық баспасөз күні" деп белгіленуі мүмкін

Сурет: pixabay
2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні деп белгіленеді. Бұл жаңалықты бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордадағы Ұлттық музейде қазақ журналистикасының өткені мен бүгініне арналған көрме өтті, көрмеге ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталатын тарихи құжаттар мен газеттердің көшірмелері, қолжазбалар, кітаптар, түрлі техника және ескі суреттер қойылған, деп мәлімдеді "Хабар 24".

Көрменің ашылу салтанатына сөз алған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ел күнтізбесінде Ұлттық баспасөз күні пайда болатынын айтты.

"Қазақ" газеті дүниеге келген 2 ақпанды Ұлттық баспасөз күні деп белгілеу туралы ұсыныс болғаны белгілі. Министрлік бұл ұсынысты қолдап, тиісті жұмыстар жүргіздік. Қазір тіркелу үстінде. Бір-екі күннің ішінде жария болады деп ойлаймыз.ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі

27 маусым күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласындағы қызметкерлерге сыйлықтар мен гранттар тапсырды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды