Дархан Қыдырәлі: Оңайқұмарлықтың жақсылыққа жетелемейтінін түсіндіру жұмыстары жалғастырылады

"JastarX" сараптамалық пікірсайыс алаңының екінші кездесуі ойынқұмарлық және нашақорлыққа тәуелділік мәселелеріне арналды. Бұл туралы осы кездесуге қатысқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде ел аумағанда есірткі өндірісі белең алып бара жатқанын атап өтті. Сонымен қатар есірткінің таралуына қарсы күрес үшін бүкіл уәкілетті органдардың күш-жігерін біріктіру керектігін айтты.Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда да қазір жастар арасында нашақорлық пен ойынқұмарлық мәселелері өзекті екенін ерекше атап өткен еді. Расында, "ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кесел" көпшіліктің алаңдаушылығын тудырып отыр. "JastarX" сараптамалық пікірсайыс алаңының екінші кездесуі дәл осы ойынқұмарлық және нашақорлыққа тәуелділік мәселелеріне арналды" деп жазды министр Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында.

Министр жиынға әрүрлі саладағы мамандар, жастар қатысып, ой-пікірін ортаға салды, ұсыныс-тілектерін жеткізгенін де атап өтті.

"Жалпы, зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, құмар ойындарды көбіне 29-34 жас аралығындағы жастар ойнайды екен (4,7%). Олардың арасында жұмыссыздар (9%) және жұмыс іздемейтіндердің (15,4%) үлесі айтарлықтай жоғары. Сондай-ақ сауалнамаға қатысқан жастардың 39,5%-ы компьютерлік ойындарға көп уақыт жұмсайтынын атап өткен. Сондықтан жастарымыз оңайқұмарлықтың жақсылыққа жетелемейтінін жіті ұғынуы үшін ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасады". Министр Дархан Қыдырәлі

Дархан қыдырәлі жанын да, тәнін де улап жатқан жастарымызды тура жолдан жаңылмауына бәрі де мүдделі екенін, ұлт болашағына айналар жас буынға қамқорлық ұдайы мемлекет назарында болатынын баса атап өтті.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: