Қазақстан мен Бахрейн арасында туристік чартерлік рейс ашылды

Сурет: pixabay
2023 жылғы 28 маусымнан бастап Алматы – Манама бағыты бойынша Қазақстан мен Бахрейн арасында туристік чартерлік рейстер ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, рейстерді SCAT әуе компаниясы Boeing-737 типті әуе кемелерімен аптасына бір рет (сәрсенбі күндері) орындайды.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Бахрейн арасындағы мәдени, іскерлік, инвестициялық және туристік қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.

SalamAir авиакомпаниясы 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап апта сайын Алматы мен Оман астанасы Маскат арасында орындалатын тікелей рейстің ашылатынын жариялады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар