Шетелдегі қазақ балалары Бурабайдағы лагерьде демалып жатыр

Сегіз мемлекеттен келген 200-ге жуық бала курорттық аймақта демалып жатыр. Үшінші жыл ұйымдастырылған жазғы лагерге келушілер саны артып келеді. Былтырғы жылмен салыстырғанда, оқушы саны екі есеге артқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оларға қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіліп, ұлттық ойындары насихатталады. Нұргүл бала күнінен домбыра тартады. 10-нан астам ән біледі. Болашақта қазақ тілі маманы болуды армандайды. Бір қызығы, өнерлі өрен биыл халықаралық байқауға қатысып, Қызылордадағы Қорқыт Ата университетіне грант ұтып алған, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Атажұртқа айтар алғысымыз өте шексіз. Шекарадан аттаған кезде бізде бір ыстық сезім болады Отанға деген. Тіпті көңілден жылап жіберетіндей дәрежеде болғанбыз. Біз Өзбекстанда тұрғанымызбен өзіміздің қазақ мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптамызды дамытудан жалықпай келе жатқан халықпыз". Нұргүл Олжабаева, оқушы /Өзбекстан/


 Демалуға келген балғындардың барлығы - түрлі байқаудың жүлдегерлері. Оқушылардың дені Ресей, Өзбекстан мен Моңғолиядан келген. Ал Белоруссия мен Ираннан тек бір ғана оқушы бар. 


"Болашақта әрине мен Қазақстан оралу ойда бар. Өйткені бұл біздің атамекеніміз. Осы жерге келіп, білім алып, қызмет еткім келеді". Пуя Павиз, оқушы /Иран/

Демалыс уақытында оқушыларға түрлі сабақ ұйымдастырылады. Негізгі екпін алаштану м ен Қазақстан тарихына беріліп отыр. Биыл лагерьдегі оқу бағдармаласына бірқатар өзгерістер де енгізілген. 

"Осы жылы лагерьдің бағдарламасы этно болды. Ағылшын тілі жоқ, тек қана қазақ тілі. Домбыра тарту, алаштан, жасанды интелектімен жұмыс істеу сияқты жаңашылдықтар қостық. Бағдарламаға қазақ рухын ояту үшін, қазақ боламын дегені үшін ауыстырдық". Дидар Болат, "Отандастар" қоры президентінің кеңесшісі

Оқушылар 14 шілдеге дейін демалады. Жалпы этникалық қазақ балаларын қолдау тек осымен ғана шектелмейді. Жыл сайын қазақстандық жоғарғы оқу орындарында өзге мемлекеттердегі қандастарымыз  білім алуы үшін 6 мың грант бөлінеді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: