Астана күні қарсаңында өткен концертте кімдер өнер көрсетті

Сурет: Мәдениет және спорт министрлігі
5 шілдеде "Астана Арена" стадионының алаңында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астана күніне арналған үлкен мерекелік концерт өтті.

Ауқымды шоу аясында қазақстандық эстрада жұлдыздары: Бауыржан Исаев, Әйгерім Алтынбек, Қайрат Түнтеков, Мархаба Сәби, Аргоня, Диная, Қазбек Құрайыш, Диана Исмаил, Ғазизхан Шекербеков, Еңлік Құрарбек, Нұрболат Қанай, Мирас Жүгінісов және басқа да танымал орындаушылар өнер көрсетті.

Сонымен қатар көрермендерді "Жастар" театрының әртістері, Contrast би ансамблі, "Джентльмен" және "Байжан" топтары, сондай-ақ "Қазақстан дауысы" телешоуының финалистері өз шығармашылығымен қуантты.


"Біріншіден, Астана қаласының барлық тұрғындарын қаланың 25 жылдығымен құттықтағым келеді. Осы іс-шара аясында біз барлық жастағы тыңдаушылар арасында танымал музыканттарды шақыра отырып, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін шын мәнінде ауқымды шоу ұйымдастыруға тырыстық. Келген көрермендердің саны мен олардың қызу қолдауына сүйене отырып, іс-шара лайықты деңгейде өтті деп бағалауға болады", - деді ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы Арман Жүдебаев.
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін