Павлодар мұнай-химия зауытына қатысты қылмыстық тергеу ашылды

Сурет: pavlodarnews.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық істі бірнеше бап бойынша қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс прокурорының орынбасары Марлен Сламбеков айтты.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті ПМХЗ бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Іс ҚР КК-нің 385-бабы (Жалған құжаттарды <…> қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу), 197-бап (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау), 214-бап (Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет) бойынша қарастырылып жатыр", - дейді Марлен Сламбеков.

Одан бөлек, биыл Павлодар мұнай-химия зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай лауазымдық өкілеттігін асырғаны үшін 3,5 жылға сотталып кеткен.

Еске сала кетейік, прокурорлар Екібастұзда жылыту маусымына жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты тергеуді аяқтады. Істі сотқа жібереді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады