Семейде масаларға қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда

Дезинсекциялық іс-шараларды Семей қаласының ТКШ бөлімі мердігерлермен бірлесіп, таяз су айдындары мен сулы-батпақты жерлерді өңдеу жүргізеді. Бұл жұмыстар күз маусымына дейін жалғасады.

Қазіргі таңда ашық стацияларды, кварталішілік аумақ, көшелер, саябақтар, гүлзарлар, елді мекендеді өңдеу басталды. Атап айтқанда, Әуезов алаңы, Орталық саябақ, Казкрай, Восточный, Жеңіс саябағы, Энергетик шағын ауданы, Ертіс өзенінің жағалауы, Цементшілер кентінде дезинсекция жұмыстары жүргізілді.

Масалар мен шіркейлердің жаппай көбеюіне жол бермеу үшін қалада дезинсекциялық жұмыстың үшінші кезеңі жүргізіліп жатыр.Қазіргі уақытта Бейбітшілік аралының аумағы, кіші Ақтөбе ауданы, Холодный ключ, Красный кордон, БСМП, Затон кенті, Ертіс өзенінің жағалауы және Казкрай ауданы арнайы құралдармен өңделді.

Бұл дезинсекциялық іс-шаралар жәндіктердің санын азайтуға бағытталған. Барлық өңдеу 3 кезең бойынша өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалуы үшін адам көп жиналатын орындарға – саябақтарға, жағалауларға, гүлзарларға және тағы басқа орындарда ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жұмысқа 20-дан астам дезинфектор, биолог-энтомолог, моторлы-ранцты бүріккіш, термогенератор, дезинфекциялық машина жұмылдырылды.

Дезинсекциялық жұмыстар үшін құрамында хлорпирифос және малатион әсер етуші заты бар, адамдар мен жануарлар үшін қауіптілігі жоқ инсектицидтер қолданылады. Бұл препараттар Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат берілген тізілімге енгізілген.

Айта кетейік, масалар экожүйенің бір бөлігі болғандықтан, оларды толығымен жоюға болмайды, бірақ бұл шаралар олардың санын анағұрлым азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: