Қазақстанда ыстықтың беті қашан қайтады

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 2023 жылғы 15-17 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер алдағы күндері елімізде Қара теңіз аймақтарынан циклон пайда болатынын мәлімдеді. Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады.

Сондай-ақ найзағай ойнап, бұршақ жаууы және екпінді жел тұруы мүмкін.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

"Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температураның қысқа мерзімді төмендеуінен кейін ауа температурасы 20+25-тен 25+33-ке дейін көтеріледі деп болжанды. Солтүстік-батыста +18+30-дан 25+33-ке дейін, орталықта 25+33-тен 32+39-ға дейін, оңтүстікте 25+35-тен 35+42-ге дейін, ал республиканың батысында температура +22+35, шығыста +27+ 35 болады" . "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Болжам бойынша, республиканың оңтүстік-шығысында температура фонында өзгеріс болмайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы маңында есірткі зертханасы жойылды: күдікті өмір бойына түрмеге тоғытылуы мүмкін

"Қар, бұршақ, тұман". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережесі өзгерді

Елордада пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

Қазақстанда 2025 жылы рақымшылық бойынша қанша адам бостандыққа шықты