Павлодарда 31 жастағы ер адам жоғалып кетті

Сурет: Vita еріктілері
Павлодарда анасымен шыққан жігіт жоғалып кетті, 31 жастағы ер адамға қауіп төнуі мүмкін, өйткені ол адамдарға жақындап, су немесе тамақ сұрай алмайды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"Жанат Инцыбаев 12 шілде күні сағат 20.30-да Мүткенов көшесі, 50 мекенжайында орналасқан үйден шығып, жылдам ауладан шығып кеткен. Анасы оның артынан жүгіріп шығып, Шарбақты тас жолына дейін барған. Көпірден өтіп, Жетекші кентіне жақындағанда Жанат көзден таса болған", - деп хабарлады еріктілер. 

Сондай-ақ жігіт Павлодар  облыстық психоневрологиялық диспансердің тізімінде тұр. Ол қара трико, көк іш көйлек, қара аяқ киім киген.

Еріктілер кеше таңғы 6-дан бастап іздеу шараларын жүргізген. Егер де Жанат Инцыбаевтың қайда жүргені туралы білетіндер болса, төменде көрсетілген телефондар арқылы хабарласа алады:  8 747 615 55 63 (Катерина) 8 777 334 82 01 (Светлана).

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді