Ақтөбе облысында бас маман әкімнің ЭЦҚ кілті арқылы бюджет миллиондарын ұрлаған

Сурет: rustar
Темір ауданында Ақсай ауылдық округі әкімдігінің бас маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Сот оны түрмеге қамап, 14 миллион , деп хабарлайды Zakon.kz diapazon.kz-ке сілтеме жасап.
"Оның атқаратын қызметі бойынша әкімнің атынан қол қою құқығы бар, сонымен қатар ауылдық округ әкімінің электрон цифрлық қолтаңбасы да бар болып шықты. Ол 2020 жылғы сәуірден 2022 жылғы желтоқсанға дейін әкімнің ЭЦҚ кілті көмегімен бюджет ақшасын ұрлап, мемлекетке 14 миллион теңгеден астам шығын келтірген", - делінген айыптауда.

Оның 3 миллионы ауыл әкімдігі қызметкерлерінің іссапар ақысы мен жалақысын төлеуге деп алған. Ол серіктестіктермен және жеке кәсіпкерлермен заңсыз келісімшарт жасап, миллиондаған ақшаны жымқырған.  

Темір аудандық соты оны 4 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын орташа режимдегі колонияда өте туралы үкім шығарып, ұрлаған қаражатты мемлекетке қайтаруға міндеттеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды