Провайдерлер Қазақстанның солтүстігі мен шығысындағы ұялы байланыстағы ақау себебін анықтап жатыр

Сурет: pexels
Астана, Қарағанды ​​және Қазақстанның басқа да бірқатар қаласының тұрғындары ұялы байланыс пен интернетке қосылу қиындағанын айтып, шағымдануда. Провайдерлер байланыстың үзілу себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 шілдеде Kcell баспасөз қызметі Қазақстанның кейбір өңірінде ұялы байланыс пен интернетке қосылуда ақаулар бар екенін растады. Енді провайдер мәселенің себебі неде екенін анықтайды.

"Компания қызметкерлері Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі бірқатар қалада дерек жіберу қызметі жоқ екенін анықтады. Қазіргі уақытта біздің мамандар қызметті жылдам қалпына келтіру үшін ақау себебін анықтап жатыр", – деп хабарлады Kcell компаниясының баспасөз қызметі.

Интернет қолданушылардың пікірінше, тек Kcell абоненттері ғана қиындықтарға тап болған жоқ. Zakon.kz басқа ұялы байланыс операторлары мен интернет-провайдерлерден түсініктеме күтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді