Ресейде әскерден жалтарғандар жүргізуші куәлігінен айырылады

Сурет: pxhere
20 күн ішінде шақыру қағазы бойынша әскери комиссариатқа келмегендер бір тәулікке көлікті басқару құқынан шектеледі.

Сондай-ақ әскерден бас тартқандар куәлік алу үшін емтиханға кіргізілмейді, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал тәртіпке бағынбағандар 30 мың рубль, яғни 146 мың теңге айыппұл арқалайды немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

"Әскерден жалтарғысы келетіндер қиын жағдайға тап болуы мүмкін. Себебі қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілді. Жалтарушылар қылмыстық қудалауға ұшыраса, Ресейге қалай қайтып келетіні де сұрақ тудырады. Бүгінгі күні заң қатаңдатылды." Владимир Евсеев, әскери сарапшы

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы