Тоқаев: Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік дәлізін одан әрі дамытуға баса мән береді

Фото: zakon.kz
Қазақстан 2030 жылға қарай Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы жыл сайын 500 мың контейнерге дейін жүк жеткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" бірінші саммитінде сөйлеген сөзінде айтты.

"Қазіргі таңда мемлекеттеріміз көлік бағыттарын әртараптандыру үшін белсенді шаралар қабылдап жатыр. Түрлі инфрақұрылымдық және логистикалық жобалар қолға алынып жатыр. Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік дәлізін одан әрі дамытуға баса мән береді. Біз бұл бағыт арқылы жүк тасымалын дәйекті түрде ұлғайтуға мүдделіміз. 2030 жылға қарай жыл сайын 500 мың контейнерге дейін жүк жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, еліміз "Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша шаралар қабылдап жатыр".Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды