ШҚО-да жиналыс соңы жұдырыққа ұласып кеткен

Сурет: pexels
ШҚО-дағы Күршім ауданының жұрты мен алтын өндіретін компания арасында дау шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 шілдеде Маралды ауылдық округіндегі жергілікті әкімдік ғимаратында алтын өндіруге қатысты жоспар тыңдалуы керек еді. Алайда, жиналыстың аяғы жұдырыққа ұласып кеткен, деп жазады Almaty.tv.

Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын жергілікті тұрғындар алтын өндіретін зауыт құрылысына қарсы екенін білдірген.

Себебі кәсіпорында натрий цианид қолданылуы мүмкін деген ақпарат тараған. Тұрғындар зауыт жұмысы мал жайылымдары мен ауылға да қауіп төндіреді деп санайды. Ал Күршім әкімдігі қазір жағдай бақылауға алынғанын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды