Алматыдағы Райымбек даңғылының бойымен жүруге бір айға шектеу қойылады

Сурет: pixabay
Алматыда құбырдағы жоспарлы жұмыстарға байланысты Райымбек даңғылының бір бөлігінде бір ай бойы жол жүруге жартылай шектеу қойылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады:

"28 шілдеде сағат 22:00-ден 27 тамызға дейін Алматының Жетісу ауданында Райымбек даңғылы бойымен – Байзақов көшесінен Батыс бағыттағы Казаков көшесіне дейін автокөліктер үшін қозғалыс жабылады".

Компанияда аталған жол учаскесінің жүру бөлігімен өтетін құбырдағы жоспарлы жұмыстар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізілгенін түсіндірді.

Қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала болжауларыңызды сұраймыз", - деп хабарлады оңтүстік астананың қонақтары мен тұрғындарына "Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев мегаполистегі Сайын көшесін ұзартудың қашан аяқталатынын айтқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі