Қала әкімдігі кептелісті азайту үшін бұл аумақта реверсивті қозғалыс үшін уақытша жолақ бөлінетінін ескертті. Реверс – жолдардағы қозғалыс бағыты керісінше өзгеруі мүмкін арнайы жолақ.
Бұған қоса, күн сайын сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін жылу желілерін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу уақытында жол қозғалысына қосымша бақылау шаралары қолданылады.
"Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, құрылысшылар даңғылдың асфальт жабынын қалпына келтірудегі барлық жұмысты оқу жылы басталғанға дейін аяқтайды. Мердігер құрылыс ұйымы жылу магистралін реконструкциялауды тәулік бойы, кідіріссіз жүргізеді. Бұл үшін құрылған бригадалар орындалған жұмыстардың сапасын барынша қамтамасыз етіп, нысанда бірнеше ауысымда жұмыс істейді"."Алматы жылу желілері" ЖШС
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында аталған жолдың астындағы құбырда жоспарлы жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Қала әкімдігі мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрады.