Алматыдағы Райымбек даңғылында реверсивті қозғалыс жолағы пайда болады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Жылу желілерін реконструкциялауға байланысты 28 шілде сағат 00:00-ден 10 тамызға дейін Алматының Жетісу ауданында Райымбек даңғылы бойында Байзақов көшесінен Казаков көшесіне дейін батыс бағытта автомотокөлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кептелісті азайту үшін бұл аумақта реверсивті қозғалыс үшін уақытша жолақ бөлінеді. Реверс - бұл жолдардағы қозғалыс бағыты керісінше өзгеруі мүмкін арнайы жолақ.

Бұған қоса, күн сайын сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін жылу желілерін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу уақытында жол қозғалысына қосымша бақылау шаралары қолданылады.

"Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, құрылысшылар даңғылдың асфальт жабынын қалпына келтірудегі барлық жұмысты оқу жылы басталғанға дейін аяқтайды. Мердігер құрылыс ұйымы жылу магистралін реконструкциялауды тәулік бойы, кідіріссіз жүргізеді. Бұл үшін құрылған бригадалар орындалған жұмыстардың сапасын барынша қамтамасыз етіп, нысанда бірнеше ауысымда жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында аталған жолдың астындағы құбырда жоспарлы жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді