28 шілдедегі түскі саудада доллардың өсуі жалғасты

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,98 теңгеге көтеріліп, 445,68 теңгені құрағанын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап төмендеп, 62,24 теңгені (-0,04) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк 495,37 теңге, рубльді 4,95 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444-447 теңге, еуро 488,5-492,5 теңге, ресей рублі 4,81-5,03 теңге аралығында сатылуда.

Ал, 28 шілдедегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің бағасы 0,58%-ға төмендеп, барреліне 83,75 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электрондық саудада қыркүйек айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің баға белгіленімі 0,46%-ға арзандап, барреліне 79,72 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарин: Соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер санының азаю үрдісі сақталып отыр

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жазаланды

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды