7 жастағы бала Бадам өзеніне батып кете жаздады

Сурет: Шымкенттің төтенше жағдайлар департаменті
Шымкентте Бадам өзенінде шомылып жүрген 7 жасар бала суға батып кете жаздады. Оқиға кеше, 27 шілдеде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мектеп жасындағы бала өзге балалармен бірге өзендегі каскадты тірек құрылымының жоғарғы бөлігінде шомылып жүрген. Кенеттен оның аяғы тайып кетіп, тіреуіштің түбіне құлап шыға алмай қалған.

Дәл сол сәтте өзен аумағында Тұран аудандық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері судағы қауіпсіздік бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіп жүрген екен. Азаматтық қорғау капитаны Рауан Ордабек рейд барысында баланы дер кезінде көріп, дереу көмекке келген. Содан оқушыны қауіпсіз жерге арқалап шығарды. Балаға медициналық көмек қажет болмаған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Бадам өзенінде бұл аймақта шомылуға тыйым салынған және өмірге қауіп төндіретін аумақ саналады.

Жалпы қала бойынша шомылуға тыйым салынған 13 орын анықталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді