Ведомствоның баспасөз қызметі қазіргі уақытта Атырау, Павлодар және Шымкент МӨЗ қалыпты пайдалану режимінде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
"Мұнай базаларындағы, жолдағы, МӨЗ-дегі және АИ-95 "премиалды" автобензинінің импорты көлемдерінің жиынтық қоры 36,5 мың тонна, (елдің 12 күндік қажеттілігі) ал АИ-92 – 257,1 мың тонна (18 күн) ".ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Министрлік өкілдерінің мәліметінше, АИ-92 автобензинінің шекті бағасы бағаны мемлекеттік реттеуге байланысты 205 теңге/литрден аспауға тиіс. АИ-95 бағасын мемлекет реттемейді, сондықтан жанармай құю станциясының "пистолетінен" шығатын баға нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеруі мүмкін.
Сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі АИ-95+ автобензиніне демалыс кезеңін және сұраныстың артуын ескере отырып, АЖҚС ірі желілеріне (QazaqOil, Helios, Sinooil, Газпромнефть, Gasenergy) импорттау мүмкіндігі туралы түсініктеме берді.
"Павлодар облысына келетін болсақ, АЖҚС ірі желілері бойынша (QazaqOil, Helios, Sinooil, ГазПром, GasEnergy) еркін сатылатын отын, жазғы демалыс кезеңіне және тұтынудың артуына байланысты шектеулер болуы мүмкін. 2023 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша Павлодар облысында мұнай базаларында және жолда 0,8 мың тонна АИ-95 немесе 8 тәулікке жететін, Аи-92 – 4,1 мың тонна немесе 9 тәулікке жететін көлемдері бар", делінген хабарламада.
Ведомство жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары аяқталып, Павлодар МӨЗ іске қосылса, автобензиндерді жеткізу көлемі біртіндеп ұлғаятынын атап өтті.