Орман өрт сөндіру стансалары қызметкерлерін өртке қарсы киіммен қамтуға 918 млн теңге бөледі

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлері өртке қарсы киіммен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Үкіметі орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлерін төтенше жағдайлар кезінде қосымша қорғаныспен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап. Тиісті қаулыға ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды, деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметі.

"Құжатқа сәйкес Үкімет резервінен табиғатты қорғау және орман мекемелерінің орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлеріне өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге көлемінде қаражат бөлінеді", – делінген хабарламада.

Бұл 30 табиғатты қорғау және 16 орман мекемесінің қызметкерлерін механикалық жарақаттанудан, гипотермияның, агрессивті сұйық құрамдардың, жоғары температураның әсерінен қорғауға, жұмысшылардың бастарын соққыдан сақтауға, сондай-ақ басқа механикалық әсерлерден қосымша қорғау үшін өртке қарсы киіммен жабдықтауға мүмкіндік береді деп көзделуде.

17 шілде күні ТЖ министрі Сырым Шәріпханов Қазақстанда өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған жаңа киім үлгісі әзірленетінін хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына бөлінетін 1,7 млрд теңгенің есебі айтылды

Баланы балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі