Бір жылда Алматыдан 450 мың тоннадан астам қоқыс шыққан

2022 жылы Алматыдан 450 мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда шамамен 2% көп, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 тамызда өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық экология департаментінің өкілдері Алматыдан қоқыс шығаруды мегаполистегі 94 нысанға қызмет көрсететін 25 мекеме қамтамасыз ететінін айтты

"2022 жылы Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметі бойынша, коммуналдық шаруашылық, қоқыс шығару ұйымдары Алматы облысындағы қоқыс сұрыптау кешендері мен алты полигонға 451 821 мың тонна тұрмыстық қалдықты шығарды. 2021 жылдың осы кезеңінде қоқыс көлемі 443 мың тонна болған еді", - деді Алматы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Нұржан Бөлекбаев.

Құрылыс қалдықтары басқаша шығарылады. Ол үшін құрылыс салушылар Қарасай ауданында орналасқан Ақсай карьерімен тікелей келіссөздер жүргізеді. Құрылыс қалдықтарын қабылдайтын тағы бір карьер Талғар ауданында жұмыс істейді.

Жеке фирмалар макулатура, пластмасса, шыны, медициналық қалдықтарды жинаумен, шығарумен және өңдеумен айналысады. Былтыр жыл ішінде қоқыс сұрыптау кешендеріне 376 737 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жөнелтіліп, 333 951 тонна қайта өңдеуге жарамды қалдықтар сұрыпталды. Қайта өңдеу көрсеткіші 11,35% болды. Алматыда 31 қайта өңдеу пункті орнатылып, олар қайта өңдеу үшін 10 мың тоннаға жуық қоқыс жинады. Сонымен қатар қалада жылына 28,8 мың тоннаға дейін қалдық жиналатын жекеменшік қоқыс сұрыптау бекеті жұмыс істейді.

Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: