Алматыдағы өрттен зардап шеккендер уақытша жақын маңдағы қонақүйлерде тұрады

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігі Ақкент шағын ауданындағы № 54 көпқабатты үйде болған өртке байланысты қандай шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аудан әкімі Азамат Қалдыбековтың төрағалығымен № 54 үйдің алдында жедел штаб құрылды, оған төтенше жағдайлар департаменті, полиция басқармасы, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, әкімдік, РМО, РҚБ өкілдері кіреді.

Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

Полиция басқармасы зардап шеккен азаматтардың мүлкінің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жерде полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырды.

Зардап шеккен тұрғындар 178 лицейдің қонақ үйі мен спорт залында түнеп, тамақтанады.

Сонымен бірге Алматының құтқару қызметі арқылы 250 төсек орын дайындаған.

Бұған қоса:

Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта барлық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, аудан әкімі Азамат Қалдыбеков және барлық мүдделі қалалық пен аудандық қызметкер оқиға болған жерде жүр. Қазіргі кезде жағдай тұрақты.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі