"Қаланың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы кешенді жоспар аясында бүгінде Тұран ауданы аумағындағы Арғымақ елдімекеніне табиғи газ жеткізілді", - деп хабарлады Шымкент әкімдігі.
Сурет: Шымкент әкімдігі
Сонымен қатар Ынтымақ-2 шағын ауданын табиғи газбен қамту мақсатында мердігер мекемелер анықталып, құрылыс салынып жатыр. Жоспар бойынша құрылыс 2024 жылы аяқталады.
Сурет: Шымкент әкімдігі
Әкімдіктің хабарлауынша, Қайнарбұлақ 1, 2 кезең құрылыс жұмыстарын аяқтауға қаржы толық қаралған жағдайда 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Сурет: Шымкент әкімдігі
Былтыр жыл соңында Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталған еді. Ал техникалық шарттары дайын тұрғын үйлерде абоненттеу жалғасып, нәтижесінде 564 абонент табиғи газға қосылады.
Сурет: Шымкент әкімдігі