Қытай балаларға смартфондарды пайдалануға шектеу қоймақ

Сурет: pixabay
Қытайлық реттеушілер елде смартфондарды пайдалануға шектеу қоюды ұсынып отыр. Сонымен, 18 жасқа толмағандар гаджеттерді күніне екі сағаттан аспайтын уақыт пайдалана алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсынылған шектеу ережелерінің ішінде киберкеңістікті реттеушілер 18 жасқа толмаған адамдарға сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін интернетті пайдалануға тыйым салуды ұсынады. Бастамаларға сәйкес, 16 мен 18 жас аралығындағы жастарға күніне екі сағат смартфон пайдалануға рұқсат етіледі. 8 бен 16 жас аралығындағы балалар – бір сағат, ал сегіз жасқа дейінгі балалар – небәрі сегіз минут, деп жазады Sky News.

Осылайша, Қытай билігі жастар арасында өсіп келе жатқан интернетке тәуелділікпен, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы миопиямен күресетін болады.

Егер ережелер жобасы заңға қабылданса, бұл TikTok иесі ByteDance сияқты Қытайдың ең ірі мобильді қосымшаларына әсер етеді, деп жазады басылым.

Белгілі болғандай, Қытайдағы геймерлердің саны маусым айының соңындағы мәлімет бойынша ел халқының жартысына жуығын құрайды, яғни 668 миллион адам. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында отандық ойын нарығындағы сатудан түскен табыс 144,263 миллиард юаньға жетті.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты