Тропикалық үш жануар да бір жасар.
"Жолақты жануарлар зообақтың орталық кіреберісіне жақын жердегі үлкен қоршаудың ішіне, үш Чапман зебраларымен бірге орналастырылды.Чапман, Гранта зебраларының екеуі де Бурчелл зебрасының бір түріне жатады және бір-біріне өте ұқсас. Айырмашылықтары – Гранта зебрасының жолақтарының түсі қанық және Чапман зебрасына қарағанда жолақтары аз болады", делінген хайуанаттар бағының хабарламасында.
Зебралар негізінен шөп, сұлы, сәбіз, жарма, бор және тұз жейді. Жабайы табиғатта Гранта зебрасы Замбияда, Конгода, Танзанияда және Кенияның оңтүстік-батысын мекендейді. Оның алдыңғы жағында тік жолақтар, артқы аяқтарында көлденең жолақтар бар. Астыңғы жолақтары жоқ немесе әлсіз көрінеді.
Бойлары 120-дан 140 сантиметрге дейін, салмағы шамамен 300 келі болады. Гранта зебралары еркегі басқаратын 18 зебрадан тұратын отбасылық топтарда тіршілік етеді. Өмір сүру ұзақтығы - орта есеппен 20 жыл.
"Африкадағы азаматтық соғыстар жабайы жануарлардың, соның ішінде Гранта зебрасының өсімін күрт төмендеуіне әкелді. Зебралар Африка жазықтарында өсетін және түрлі ауруға ем болатын шипалы шөптерді жейді.Біздің хайуанаттар бағында зебралар бір-бірімен өте жақсы араласады. Жақын арада біз Африка жануарлары үлкен аумақта бірге тұратын "Африкалық саванна" экспозициясы құрылысын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл экспозицияның жобалық-сметалық құжаттары жыл соңында дайын болады. Келесі жылы құрылысты бастаймыз.Бұл жоспарларымыздың барлығы жануарларымыздың жағдайын жақсартуға арналған". Алматы қалалық хайуанаттар бағы