Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Сурет: Zakon.kz
Алматыда Абай даңғылында Әуезов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі учаскеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған учаске көліктің барлық түрлері үшін уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының Instagram-дағы парақшасында 3 тамызда сағат 23:00-ден 5 тамызда сағат 06:00-ге дейін Абай даңғылының Әуезов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінің солтүстік бетінде полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы толық шектелетіні нақтыланады. 


"Клочков және Радостовец көшелерінен Абай даңғылына оңтүстік бағытта бұрылатын жолда 3 тамызда сағат 23:00-ден 5 тамызда сағат 06:00-ге дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектеледі", делінген хабарламада.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы