Түрмеде жатып, Орал тұрғынын алдаған

Сурет: видео скрині
Колонияда жазасын өтеп жүріп, Орал тұрғынын алдаған азамат анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

29 маусымда бейтаныс адам 54 жастағы А. есімді азаматтың "қызы" болып, басқа нөмірден хат жазып жатқанын және лимиттік карталарда қарыздары барын хабарлаған. Осылайша, ол жәбірленушінің банк картасының деректерін алып, 477 мың теңгені иемденіп алған.

Батыс Қазақстан облысының киберполицейлері облыстық ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қазіргі уақытта алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан 26 жастағы М. есімді азаматты әшкереледі. Одан телефон мен екі SIM-карта табылды. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚАЖД қазір тыйым салынған заттарды өткізу арналарын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар мекемелер ішіндегі ұялы телефондарды тәркілеу, ұялы байланыс арқылы арнайы контингент жасаған қылмыстарды ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді