Шымкент қаласының прокуратурасы гүл сататын дүкенде шу шығарған "прокурордың баласы" жөнінде мәлімдеме жасады

Сурет: Zakon.kz
Бірер күн бұрын Қазнетте гүл сататын дүкеннен бейнежазба тарады, видеодан белгісіз ер адам мекеме қызметкерлеріне тап бергенін көруге болады. Кейін ол "прокурордың баласы" деген қауесет тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 тамыз күні Шымкент қаласының прокуратурасы гүл дүкеніндегі оқиға жөнінде түсініктеме берді.

"2023 жылғы 8 тамыз күні әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-да гүл дүкенінің жұмысшыларына физикалық күш қолдану қаупін жасаған адам прокуратура қызметкерінің ұлы деген ақпараттар жарияланған. Ол адам прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ екенін, прокуратура қызметкерлерімен туыстық қатынаста емес екенін хабарлаймыз", – делінген хабарламада.

Қалалаық прокуратура құқық бұзушы анықталып, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабымен (ұсақ бұзақылық) хаттама толтырылғанын атап өтті.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 9 тамыз 2023 жылғы қаулысымен 7 тәулік қамақ түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі