Елімізде 1500-ге жуық көшеге Абай есімі берілген

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Жергілікті әкімдіктердің ақпаратына сәйкес өңірлерде Абай есімімен аталатын 1441 көше, 12 даңғыл, 99 мектеп, 4 колледж және 1 театр бар.

Былтыр президент жарлығымен Абай облысы құрылып, әкімшілік орталығы болып Семей қаласы белгіленді. Одан бөлек Қазақстанда 1 қала, 3 аудан және 28 елді мекенге ұлы ақынның есімі берілген.

Мәдениет және спорт министрлігінің ақпаратынша, Қазақстанда Абай Құнанбайұлына 30-дан астам ескерткіш орнатылған.

"Сонымен қатар әлемнің 18 мемлекетінде ұлы тұлғаға арналған монументалды өнер кешені бар. Атап айтқанда, Ташкент, Мәскеу, Бішкек қалаларында Абайдың ескерткіші болса, Ренн, Бейжің, Каир, Будапешт, Тегеран, Стамбул, Нью-Дели, Женева, Париж, Сараево, Тбилиси, Берлин, Сеул, Харьков және Баку қалаларында бюсті қойылған",- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз