Қарағандыда нөсер жаңбыр жауып, әкімдіктегілерді әбден әбігерге салды

Сурет: Instagram/denski_blog
Қарағанды қаласының билігі бүгінгі қолайсыз ауа райы салдарына қатысты қалай әрекет еткенін Zakon.kz-дан оқи отырыңыз.

Бүгін, 2023 жылы 10 тамызда  Астана мен Алматыдан кейін Қарағандыны су басты. Қалада нөсер жаңбыр жауып, кейбір аудандарда бұршақ түсті. Қарағандылықтар желіде су басқан көшелердің видеосымен  бөлісті.

Қолайсыз ауа райы жайынан Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов хабардар етті.

"Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты бірнеше көшені су басқаны байқалады, бірнеше ағаш құлады, шатырдың ұшу жағдайлары да бар. Коммуналдық қызметтер мен арнайы техника төтенше режимде жұмыс істеп жатыр", - деп жазды қала басшысы Instagram-дағы парақшасында.


Қарағанды қаласының әкімі барлық мәселені бақылауда ұстап отырғанын айтты. 


Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі Досбол Құлекеевтің Instagram-дағы парақшасындағы видеодан оқиға орнына барғанын байқауға болады. 

"Қазір Магнитогорская көшесінде тұрмыз. Көріп отырғандарыңыздай, қатты жел №4 мектеп-интернаттың шатырын ұшырып әкеткен. Зардап шеккендер жоқ, бірақ екі көлікке зақым келген. Оқиға орнына полиция, сақтандыру компаниясы шақырылды. Сондай-ақ, қазір бағдаршамдар сөніп қалған, өйткені кабельдер үзілген", - деді ол ауа райының салдары түсірілген видеода. 

Біраз уақыттан кейін ол Магнитогорская көшесіндегі жолда жатқан шатырды құтқарушылар қалай алып әкеткенін көрсетті.

"Арнайы техника келді. Жігіттер жедел бәрін тазалап жатыр", – деді видеода Досбол Құлекеев.

Ал қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында Қазыбек би ауданының әкімі видео жариялады. Ералы Оспанов желіде жарияланған нөсер жаңбыр суы басқан вокзал маңында болған. 

"Су баяу кетіп жатыр... Жаңбыр суын ағызып әкететін кәріз желілері ашық", - деді Ералы Оспанов бұрын су басқан аумақты видеоға түсіріп.


Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі