Жамбылдық полицейлер ауыл тұрғынынан 50 келіден астам есірткі тәркіледі

Сурет: видео скрині
Жамбылдық полицейлер ауыл тұрғынынан 50 келіден астам есірткі тәркіледі, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы Шу ауданында жабайы қарасора өсетін жерлерде есірткі дайындау кезінде бұрын сотты болған 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

50,3 келі кептірілген марихуана және каннабис өсімдігі тәркіленді. Жедел-іздестіру іс-шараларына қызметкерлермен бірге Теа атты қызметтік-іздестіру иті қатысты.


Ұсталған адам кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды