Түркістан облысында екі күн бұрын жоғалған қыз табылды

Сурет: видео скрині
Түркістан облысында екі күн бұрын жоғалған қызды полицейлер тәулік ішінде тапты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

11 тамыз күні Түркістан облысы Мақтаарал ауданы полициясына жергілікті тұрғын арызданған.

Әйелдің айтуынша, 9 тамыз күні "автобекетте тұрмын" деп хабарласқан 19 жастағы қызы үйіне  оралмаған.

Полицейлер бірден оқиға орнына жеткен.


19 жастағы қыз бір тәулікке жетпей, Шымкенттен табылды. Полицейлер оны ата-анасына тапсырды.

Ол қыдырмақ болып, ешкімге айтпастан қалаға жол тартқан. Ал отбасымен ұялы телефоны бұзылып қалғандықтан хабарласа алмаған.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Англияда жемқор қазақтардың мүлкін тартып алатын заң шығып, у-шу болып жатыр

Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

Мектеп оқушыларының білімін бағалау жүйесін қайта қарау ұсынылды

21 маусым-жазғы күн тоқырауы: Қазақстан қалаларында таң нешеде атады