14 тамыздағы түскі саудада доллар күрт көтерілді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,55 теңгеге көтеріліп, 448,55 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап төмендеп, 61,48 теңгені (-0,05) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк 489,28 теңге, рубльді 4,53 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 448,7-451,5 теңге, еуро – 491-495,5 теңге, ресей рублі – 4,39-4,59 теңге аралығында сатылып жатыр.

Дүйсенбі күнгі таңғы сауданың басында ұлттық валюта бағамы бір долларға 449 теңгеге дейін төмендеді.

Саудада мұнайдың әлемдік бағасы құлдырап жатыр. Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің құны 1,12%-ға арзандап, барреліне 85,83 долларды құрады.

Қыркүйек айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 1,23%-ға арзандап, 82,16 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

"Найзағай, бұршақ, аптап ыстық". Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Жыл басынан бері елімізде 18 заңсыз ойынхана табылып, 27 қылмыстық іс қозғалды

"Ақерке". Димаш жаңа әні шыққанын айтып, жанкүйерлерін елеңдетіп қойды

Қазақстанда үшінші ресми валюта пайда болды