Оңтүстік Кореяда қазақстандық әйел автобус жүргізушісіне тап берді: ҚР СІМ мән-жайды түсіндірді

Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда автобус жүргізушісіне шабуыл жасағаны үшін ұсталған Қазақстан азаматына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми спикері Айбек Смадияров 14 тамызда өткен брифингте Оңтүстік Кореяда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған Қазақстан азаматы ол елге қандай себеппен барғанын айтты. Бұл жағдайды демалыс күні кореялық БАҚ жарыса жазған еді.

"Кеше біз Сеулден азаматымыз жергілікті азаматқа шабуыл жасады деген ақпарат алдық. Анықтап көрдік. Ол сол елде күйеуімен бірге біраз жылдан бері тұрып келеді, сол жақта бизнеспен айналысып жүрген. Оған этникалық куәлік берілген. Сондықтан ол этникалық кәріс болып саналы", – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Айбек Смадияровтың айтуынша, Оңтүстік Кореяда ұсталған Қазақстан Республикасының азаматы 2020 жылдан бері мамандандырылған ауруханада стационарда емделіп жүрген. Бұл жағдайға сол дәрі-дәрмектің әсерінен тап болуы мүмкін.

"Ол Оңтүстік Кореяда емделіп жүрген. Бірер күнде оған консул барады. Біз оны бақылауда ұстаймыз", – деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді