Кездесу нәтижесінде тараптар өзара келісімге келді.
"Қызметкерлердің алға тартқан талабының бір бөлігі сол жерде келісіліп, шешілді. Көтерілген мәселелердің екінші бөлігін орындау заңнамалық өзгерістерге қатысты, осыған байланысты оларды шешу үшін қосымша уақыт қажет. Оны жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерінен тұратын арнайы құрылған бастамашыл топ пысықтайтын болады", делінген компания баспасөз қызметінің хабарламасында.
Келіссөздер қорытындысы бойынша кәсіпорында жұмыс қайта жанданды. Ереуілге қатысушыларға қандай да бір тәртіптік жаза қарастырылмайтыны да нақтыланады.
14 тамызда бірқатар БАҚ-та Ұлытау облысындағы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-ның 100-ге жуық кеншісі еңбек жағдайларын жақсартуды, жабдықтарды жаңартуды, сыйлықақы төлеуді және медициналық сақтандыру шарттарын қайта қарауды талап етіп, ереуілге шыққаны туралы ақпарат пайда болды. Жалпы ереуілдеушілер 15 талапты алға тартты.