Ұлытау облысында "Қазақмыс" кеншілері ереуілге шықты
Сурет: pixabay
Ұлытау облысында "Қазақмыс" корпорациясының кеншілері еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, ереуілге шықты. Қазір олармен компаниялар тобының өкілдері келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тамыздың 14-і күні бірқатар БАҚ Ұлытау облысында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің 100-ге жуық кеншісі еңбек жағдайын жақсарту, құрал-жабдықтарды жаңарту, сыйақы төлеу және медициналық сақтандыру шарттарын қайта қарауды талап етіп, ереуілге шыққанын хабарлады. Ереуілшілер барлығы 15 талап қойды.
"Қазақмыс" корпорациясының баспасөз қызметі шахтадағы жұмыстың тоқтатылғаны жөніндегі ақпаратты растап, ереуілге шыққан қызметкерлермен диалог жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
"2023 жылдың 14 тамызында түнгі ауысымға түскен Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасының кеншілері мен мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері жұмыстың тоқтатыла тұрғанын хабарлады. Оқиға орнына "Қазақмыс" басшылығы, прокуратура, жергілікті атқарушы билік өкілдері жиналды. Қазіргі уақытта "Қазақмыс" басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін шахтерлердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Аймақтық жедел штаб жұмыс жасауда", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript