Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында теміржолшылар ереуілге шықты

Жалақы мәселесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2022 20:21 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2022 жылдың 1 тамызында Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі Бейнеу жол дистанциясының қызметкерлері жалақысын 100 пайызға көтеруді талап етіп, ереуіл жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бастамашыл топтың жалақыны 100%-ға көтеру туралы талаптарын Компания қаржылық қаражатының жоқтығынан орындай алмайды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның кірістері негізінен белгіленген тарифтер есебінен қалыптастырылады. Бұрын хабарланғанындай, өткен жылы алынған барлық пайда жалақыны көбейтуге бағытталды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Компания өз қызметкерлерімен ашық диалог жүргізеді және жағдайды реттеу үшін заң шеңберінде барлық мүмкін болатын шараларды қабылдайды. 

Баспасөз қызметі атап өткендей, бұған дейін, ақпан айынан бастап компания ПЧ-12 (Бейнеу жол дистанциясы) мәселелерін шешумен айналысып жатыр. 2022 жылы сәуір айында татуластыру комиссиясы құрылып, оның шеңберінде қызметкерлердің бірқатар заңды талаптарын қанағаттандыру бойынша шаралар қабылданды.

Темір жол штаттық режимде жұмыс істейді.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: