Шымкенттегі балалар лагерьлерінен де заң бұзушылықтар анықталды

Сурет: gov.kz
Шымкент лагерьлерінде балалардың құқығы бұзылған. Бұл жөнінде 2023 жылғы 15 тамыз күні Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады.

Қадағалаушы орган таратқан ақпаратқа сүйенсек, Шымкент қаласының прокуратурасы балалардың сауықтыру лагерлерінің қызметінде балалардың өмірі мен денсаулығына әсер ететін бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда:

"Лагерьлердің көптеген қызметкері еңбек шартынсыз жұмыс істеген, медициналық қызметтерді біліктілігі жоқ және медбике маманының сертификатынсыз қызмет көрсетіп жатыр".Шымкент қаласының прокуратурасы

Медициналық кабинеттердің өзі белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, міндетті медициналық препараттар мен жабдықтар жоқ.

"Тексеру іс-шаралары жалғасуда, нәтижелері бойынша шаралар қабылданатын болады", – делінген Шымкент қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада.


Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар