Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушыларға азаматтарды оқытуға қаражат бөлу міндеттелді

Сурет: pixabay
Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушыларға халықтың осал топтарын азаматтарды оқытуға қаражат бөлу міндеттелді

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылғы сәуірде жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларына өзгерістер күшіне енді.

Келесі негізгі түзетулер қарастырылған:

Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі кеңейтілді. Атап айтқанда, оған ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын азаматтар; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін адамдар қосылды.


"Сондай-ақ Ережеге мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға қаражат жіберу туралы міндеттеме енгізілді. Бұл жағдайда жұмыстарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, күрделі және ағымдағы жөндеу; қызметтерге: ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, серверлік жабдықтың объектілері мен технологияларын іске қосу, баптау, жөндеу және (немесе) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, бейімдеу және (немесе) қолдану, деректерді өңдеу жөніндегі қызметтер, сәулет-жобалау жұмыстары, ғимараттар мен құрылыстарды салуға, күрделі және ағымдағы жөндеуге байланысты кешенді инженерлік қызметтер", - делінген хабарламада.

Тізім ҚР Энергетика министрлігінің сайтында жарияланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты